02
сентябрь
2024
Менің Отаным Қазақстан
2024-2025 оқу жылында «Менің Отаным Қазақстан» тақырыбында сынып сағаты ағымдағы жылдың 2 қыркүйек күні өткізілді.Мақсаты: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту; Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата-бабаларымыздың өнгеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу.Әр сынып жетекші оқушылармен тақырыпты кеңінен талқылап,өз ойларын ортаға салып сұрақтарға жауап берді.
Сынып сағатына мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер қатысып,электронды Google формада бағалады.Бағалау 1-3 балл аралығында болды.Сабақ соңында оқушыларға жол,өмір қауіпсіздік ережелері,жедел қызмет телефондары туралы 10 минуттық түсініктеме берілді.