05
сентябрь
2024
Менің Отаным Қазақстан
«Наурызбай батыр Құтпанбетұлы атындағы орта мектеп» КММ-де 2024- 2025 оқу жылындағы «Менің Отаным Қазақстан.Тілдер жәрмеңкесі» тақырыбында пән аралық жәрмеңкеcі өттіМақсаты: Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру. Тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету. Өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру.Тіл қандай да болмаса ұлттың, халықтың баға жетпес рухани қазынасы, ұлттық санамен байланысты мақтан тұтар ардақтысы. Сондықтан «тілден тілдің кемдігі жоқ» деген ізгілікті принциптің қазіргі таңда қолданылуының ерекше мәні бар. Өз халқының қадір - қасиетін ұға білген жан ана тілін аяқ асты етпейді, өзге тілді де өзекке теппейді. «Әр халықтың тілі білімнің кілті» демекші мектебімізде дәстүрлі Тілдер мерекесіне байланысты «Менің Отаным Қазақстан.Тілдер жәрмеңкесі » атты жәрмеңке 5 қыркүйекте болды. Бұл іс-шараға әр пән бірлестігі бір ұлттың тілі,салт-дәстүрі,ұлттық киімі көрсетілді.Оқушылар мен ұстаздарға сұрақтар қойылып,жауап бергендерге арнайы сыйлықтарын ұсынды.Тілдер мерекесімен құттықтап,алғашқы сөз мектеп директоры Хамыткожаева Лаура Жумановнаға берілді.
«Нағыз қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» демекші, күмбірлеген күйімен құлақ құрышын қандырып, бойға шабыт сыйлаған 6 A сынып оқушысы Құсыманұлы Дінмирас «Қазақ»күйін орындады.
«Нағыз қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» демекші, күмбірлеген күйімен құлақ құрышын қандырып, бойға шабыт сыйлаған 6 A сынып оқушысы Құсыманұлы Дінмирас «Қазақ»күйін орындады.