Педагог-психологтың жылдық есебі » Н.Құтпанбетұлы атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Наурызбай батыр Құтпанбетұлы атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7((727) 702-07-11
Есепші бөлімі:
+7(708) 627-64-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
июнь
2022

Педагог-психологтың жылдық есебі

     Наурызбай батыр Құтпанбетұлы атындағы орта мектебінің педагог-психологының жүргізген жұмыстарының жылдық аналитикалық есебі

       Наурызбай батыр Құтпанбетұлы атындағы орта мектебінің оқушылардың психологиялық мінез-құлқын, байқампаздығын, танымдық қабілетін анықтауда олармен түрлі тақырыптарға жүргізілген   әңгімелер, оқушылардың сынып арасындағы мінез-құлқын,  басқа сынып оқушылармен қарым-қатынасын сақтап,оқушыларға кеңестер беріп отыру оқушының өзіне деген сенімін арттыра түсері анық. 2021-2022 оқу жылының жылдық жұмысына есеп берер болсақ, психодиагностикалық бағыт бойынша жүргізілген жұмыстар легі мынандай:

1-сынып оқушыларының мектепке бейімделуі 

2021-2022 оқу жылында         мектебіміздің 1  сыныбында   132 оқушы  бар.Мектеп жарғысындағы оқушының міндеттері мен ережелерін үнемі сақтап отырады.  Күн тәртібінің орындалуы, мектеп формасының сақталуы, күнделікті толтыруы жақсы жағдайда. Сынып құжаттарының толтырылуы қанағаттанарлық. Барлық 1 сынып оқушыларына психологиялық оқушы картасы жасалынды.

       Сынып жетекшінің  сынып оқушыларымен қарым-қатынасы жақсы деңгейде, оқушылар сабаққа көтеріңкі көңіл күймен келеді, сынып жетекшілерін ата-аналарынан кейінгі   екінші орынға қояды, жақсы көреді .сынып жетекшілер оқушылармен жеке, топпен, жалпылама жұмыс жасайды.  

Оқушылардың эмоциялық жағдайын бақылау кезінде төмендегідей нәтиже көрсетті.

Эмоциялық жағдайы

1 сынып

1.

Мұғаліммен тілдесуі

өте жақсы- 76 оқушы

жақсы- 41 оқушы

орташа-  12 оқушы


2.


Мектепке келуі


Көңілді- 129 оқушы

3.

Сабақта

жақсы- 119 оқушы

орташа- 10 оқушы

4.

Құрдастарымен қарым-қатынасы

Жақсы- 129 оқушы


5.


Үйге қайту


Көңілді- 129 оқушы

 Сынып жетешілері сынып оқушыларының мектеп өміріне бейімделуіне жағдай жасауда, оқушылар денсаулығын сақтау мақсатында күнде ертеңгілік жаттығу, сабақ барысында кемінде екі рет сергіту жаттығулары жүргізіледі. Ата-ана тарапынан үйде   оқытып  қадағалау бар.   Ата-аналармен әр тоқсанның соңында жиналыстар  өткізілген.

    Оқушылардың мектепке бейімделуі қалыпты жағдайда деген қорытынды жасалды. 

   Қыркүйек айында мекетеп алды даярлық сыныпқа келген оқшылардың оқуға бейімделу           кезінде үлкен қиындықтар туындайды. Қиындықтарды оңай жеңіп,тез бейімделу үшін педагогика-психологиялық көмек көрсету қажет.   Осы мақсатта  Мектепалды даярлық сыныбына «Не жетпейді» әдістемесі жүргіздім.

 Жұмыстың қорытындысы бойынша оқушылардың бұл әдістемеге қызығушылығы  жоғарғы деңгейде болды. Өзінің қызығушылығын ашып көрсете алмаған  оқушылар да болды.


 

 1-сынып оқушыларының мектепке дайындығы барысында Керн әдістемесі  жүргізілді.Нәтижесінде; 84-оқушы жоғары деңгей  көрсетті. Балаларды психологиялық анықтау барысында, жалпы зерттелген  129 бала мектептің бірінші сыныбына оқуға лайықты деп табылды. 1-5сынып  ата-аналарына  балалардың бейімделу деңгейіне байланысты кеңестер беріліп жаднамалар тартылды. 


                Әдістеме бойынша жұмыс жасай алмаған оқушыларда байқалды.   Дұрыс жауап беруге қиналған   оқушылар да шықты.Бұл оқушылардың оқу әрекетінде әр түрлі қиындықтары бар: белсенді емес,ашық сөйлесуге де қорқақтайды,жалтақтық байқалады,бірі мұғалімге үйренбесе, екіншісі сыныптастарымен   қарым-қатынас жасай алмайды.

Қыркүйек айында 1-сынып оқушыларының оқуға дайындығын, ойлау қабілеттерін  зерттеу жұмыстары жүргізілді. Қыркүйек айында 1 сыныпқа келетін оқушылардың толық тізімін алып, оқушылар туралы мәлімет алдым. 1сынып оқушылармен метепке бейімдеу денгейін қалыптастыру мақсатында, баланың мектепте оқуына психологиялық дайындығын дамытуға арналған жұмыстар мен тренингтер жүргізіліп, ата-аналарына кеңес берілді. 1 сыныпқа қабылданған оқушылардың мектепке бейімдеу мақсатында Керн-Ийракстің әдістемесін өткізуден басталды

 

2-сынып оқушыларынан  бейімділік деңгейін анықтауға арналған сауалнама жүргізілді. Балалар пәндерге «көңілді», «көңілсіз», «бәрібір» жауаптарымен өтілетін пәндерге баға берді.Барлық пәнге 100 пайыз «көңілді» деп жауап берді.Балалардың өзін-өзі бағалауын анықтау мақсатында  «Графикалық   тест» жүргізілді.

Нәтижесінде; 66-оқушы өзін-өзі бағалауы «жоғары»,  52   оқушы  «қалыпты» деңгей   көрсетті.

Орта буынға жаңадан қабылданған бесінші сынып оқушыларымен әңгімелесу барысында оқушылардың көзқарастарында бастауыш сыныпты қимастық сезім бар екендігін, кейде бастауыш сыныптағы қызықты сәттерін естеріне алатындықтарын қуана жеткізуде. 5 сыныпта пән мұғалімдеріне бірден үйрене отырып, қиындықтың да кездесетінін жасырмайды. Ағылшын, жаратылыстану пәндеріне қызығады.  Орта буындағы сабақтардың қызық та көңілді екендіктерін жеткізуде бір –бірінен қалысар емес. 5 сыныпқа келгендіктерін бір саты болса да ер жеттік деп есептейді. Кейбір оқушыларға математика сабақтарынан қиындықтар кездесуде, бірақ жеңуге тырысу үшін еңбектеніп оқимыз дейді. 

5 сынып оқушыларының  орта буынға бейімделуінде ешқандай кедергі жоқ. Пән мұғалімдерінің оқушылармен бірлесе жұмыс жасауында айтарлықтай қиындық кездеспейді. Оқушылардың тұлғалық және психикалық дамуында ауытқушылық жоқ, дегенмен оқушылармен психодиагностикалық, профилактикалық жұмыстар жоспарлы түрде жүргізілді.   Кеңес беру  нәтижесінде оқушылар өз көкейлеріндегі сауалға жан –жақты жауап ала алды. 

5 сынып оқушыларымен:  

 

«Біз 5-сыныпқа барамыз» тақырыбында тренинг жүргізілді. 

Мақсаты:  Балалардың  өз – өздерін тануға , психологиялық – педагогикалық көмек көрсету, оқушылардың бастауыш буыннан орта буынға өту кезіндегі алғашқы сезімдерін , көңіл – күйін , сыныптың ұжымдастығын, психикалық ерекшеліктерінің дұрыс қалыптасуына ықпалын тигізу.

Жүргізілуі:  Ұйымдастыру кезеңі .Сәлемдесу.

Тренинг «Жүректен — жүрекке» Оқушылар бір –біріне орта буынға бейімделуге байланысты  бір – біріне жақсы тілектерін айтып шықты. Сонымен қатар дәл сол уақытты өз қолдарымен жасаған жүрекшелерін көрсетіп ой бөлісті.

5- сынып дегеніміз не ?Психолог тренингті кіріспе сөзімен бастады

Оқушыларға сұрақтар берілді.  2 топ сұрақтарға толықтай жауап бере алды.

5-сынып  оқушыларының  4 сыныптан 5 сыныпқа  көшкенде   қандай қиындықтарға кезігетінін анықтау мақсатында  «Оқушылардың мектепке деген көзқарасын анықтау»  сауалнамасы жүргізілді. Оқушылар  мектепте  білім маңызды екенін жазған.Бірақ оқушылардың басым бөлігі пән мұғалімдерін  көзбе көз көрмегендіктерінен  қиыншылықтар бар екнін көрсетті.5 - 9 сынып оқушыларымен өзіндік бағалауын анықтау үшін   «Өзіндік бағалауың қалай?» сауалнамасы алынды. .Нәтижесінде:    Әр сыныптың   берген жауаптары бойынша жеке оқушылардың өзіндік бағасы шығарылды. Нәтижесінде; төмен деңгей көрсеткен оқушы болған жоқ . Орта буын және жоғарғы буын оқушыларының   жұмыстар легіне келер болсақ, 1-9 сынып оқушыларының  темперамент типін анықтау мақсатында тест жүргізілді. Сынып оқушыларының неліктен   сабақ   үрдісінде  тыныш   немесе шулы  болып отыратындығы, олардың мінез –құлықтарының әр түрлі,тұрақты және тұрақсыз  болып келетіндігімен түсіндіріледі.

Орта буын және жоғарғы буын оқушыларының   темперамент типтері



Сонымен қатар 1 -9   сынып ата-аналарына      бала өміріндегі өзгерістер жайында дайындалған слайд көрсетіліп, кеңестер таратылып берілді. Сонымен  қатар   пән мұғалімдерінің сабақтарына қатысып отырдық.

5-сынып   оқушыларынан «Оқушылардың оқу мотивациясы» сауалнама алынды. Сауалнама нәтижесінің  пайызы шығарылып папкаға тігілді .




Оқу іс-әрекетіне бейімделуі

Деңгейі

5 «А» 

5 «Ә»

5 «Б» 

5 «В» 

5 «Г» 

1.

Мектепте бейімделуі жоғары

80 %

71 %

75%

68%

63%

2.

Мектепте бейімделуі орташа

5%

4 %

10%

18%

10%

3. 

Мектептен тыс мотивациясы

15 %

25 %

15%

14%

27%

4. 

Мотивациясы төмен

-

-

-

-


5.

Мектепке деген теріс көз қарас.

-

-

-

-


Қобалжу деңгейі

Деңгейі

5 «А» 

5 «Ә» 

5 «Б» 

5 «В»

5 «г» 

1.

Төмен

81 %

96 %

90 %

82

93%

2.

Орташа

15 %

-

5 %

-11

7%

3.

жоғары

4 %

4 %

5%

7%

4%


Қорытынды: Жалпы барлық оқушылардың жауаптарының интерпретациясы15-19балл ішкі мотивация, мектепке теріс қарым-қатынас көрсеткен оқушы жоқ.

Мектебімізде ерекше қадағалауды қажетететін балалар жоқ және сынып жетекшілер және пән мұғалімдері тарапынан ешқандай сұраныс түскен жоқ.      Оқушының қабылдау  қабілетін анықтау тесті алынды.

Сынып жетекшіге , әрбір баланың өзіндік қабылдау ерекшеліктерін ескере отырып жұмыстар жасауға кеңес берілді.1-4 сынып білім алушыларынан  «Баспалдақ»әдістемесі  алынды.   Орта буынға жаңадан қабылданған бесінші сынып оқушыларымен «Оқу пәндеріне деген көзқарасы» арқылы сауалнама толтырылды. Оқушылар өз ойларын еркін айта білді. 

Бесініші сынып оқушылары толық қатысты. Өз ойларын еркін жеткізді. Оқушылардың бойынан ашықтықты, әсемдікті аңғаруға болады.

Қатысушылар: 5 сынып

Әдістеме: «Менің микроәлемім»

Зерттеу мақсаты: Өмірлік қиын жағдайға тап болған ,жалғыз қалған оқушыларды анықтау

Сауалнама нәтижесі:


р/с

Сұрақтар

Ия,                        

жоқ

аз

Араласпаймын

Дос   

ата-ана     

әпке    

аға  

 психолог       

Сынып жетекші

өз пікірің

1

Достарың көппе?

100%











2

Қазіргі уақытта өзіңді жалғыз сезініп жүрсіңбе ?


100%










3

Отбасында қандайда бір шешім қабылдауда     сенің пікіріңді тыңдайдыма?


40%


60%








 4

Құпияларыңды    кіммен  бөлісесің?





50%



10%

20%

20%


5

Мектепте және үйде сені кім түсінеді ?





20%

50%



20%

10%


6

Мектепте және үйде саған кім қолдау көрсетеді?





20%

40%

20%


10%

10%


Қорытындылай келе , оқушылар ,ата- аналары мен достарына сенім артады.

Жалқыздықты сезініп жүрген оқушы жоқ.Оқушылардың  микроәлемі   жағымды ахуалда .

Кеңес  беру нәтижесінде оқушылар өз көкейлеріндегі сауалға жан –жақты жауап ала алды.  Жоспарлы түрде топтық, жеке кеңестер жүйелі түрде берілді. . Жоспар  ретімен алғашқы 2-8 сынып оқушыларынан  дарынды балаларды анықтау мақсатында « НИШ – тесті» және «Ханна и Кааф» әдістемесі жүргізілді. Нәтижесінде мектеп бойынша  қабілетті  балалар анықталып,мектептегі дарынды оқушылармен пән мұғалімдерімен бірлесе отырып,жұмыс жасауға ұсынылды.


Зерттеу нәтижелері :


   1-5сынып жетекшілеріне оқушылардың бейімділігі бойынша жетекшілеріне, бала сізден қорықпасын десеңіз:оның қатесін кешіруге,жазаламауға, айтқандарына мән беруге   т.с.с    кеңестер  берілді.Күтілетін нәтиже:Өз ойын еркін жеткізе алатын, псхологиялық тұлға қалыптастыру .Мәдениетті ,рухани бай адамзатты тәрбиелеу.

Ақпан  айының  9 сыныптан  мамандық таңдау бойынша  Голланд тесті алынып  анықтау жұмыстары жүргізілді .

Нәтижесінде:Дж .Голланд жіктеуі бойынша мінез құлық пен оған сәйкес  мамандықтары анықталды. 

9 «А» сыныбы бойынша Сауалнамаға 22 оқушы қатысты. 


 




9 «Ә» сыныбы бойынша Сауалнамаға 20 оқушы қатысты. 


 

9 «Б» сыныбы бойынша Сауалнамаға 24 оқушы қатысты. 

 













Мамандық таңдау барысында, мамандық туралы хабардар ету үшін «Сенің кәсіби ой-ниетің» сауалнамасын 9-сыныптармен жүргізілді.сауалнамаға 78 оқушы қатысты.

  1. 9 – сыныпты бітірген соң, не істемексің?


 


2. Ата-анаң 9-сыныпты бітірген соң не істе деп кеңес беруде?


 


3.Таңдаған мамандығыңның мазмұны, оқу және жұмыс шарттары туралы білесің бе? 


 


4. Таңдаған мамандығыңның мазмұны, оқу және жұмыс шарттары туралы білесің бе? 


 


5.Таңдаған мамандығыңа қажет болатын жеке қасиеттеріңді, қабілеттеріңді, икемділіктеріңді қалай дамытасың?

 


6. Өзіңнің кәсіби ой-ниетіңді іске асыра аламын деп ойлайсың ба? Оған не кедергі бола алады

 


7. Негізгі жоспарыңды іске асыра алмаған жағдайда қолданатын қосалқы жоспарың бар ма

 



Үлгерімі төмен оқушылардың олқылықтарды жою  мақсатында жоспар құрылып, жұмыстар жүргізілді. 


              3-4 сыныптардың «Оқу мотивациясын анықтау» сауалнамасы.
 
 Оқу мотивациясы деңгейін бағалау үшін Н.Г.Лусканов арнайы сауалнама ұсынды. 10 сұрақтың жауаптары 0-ден 3 балға дейін бағаланады (теріс жауап - 0 балл, бейтарап -1 балл, оң жауап - 3 балл). 30-25 балл жинаған оқушылар мектепке бейімделуінің жоғары деңгейін. 20-24 балл ортаңғы норманы, 15-19 балл ішкі мотивацияны, 10-14 балл және одан төменгі балл - мектепке деген теріс қарым-қатынасын, яғни мектеп дезадаптациясын көрсетед


Сауалнама сұрақтары.
 1. Саған мектеп ұнайда ма немесе ұнамайды ма?

2. Таңертең сен ұйқыдан тұрғанда мектепке қуанышпен барасың ба, әлде үйде қалғың келеді ме?
 3. Егер мұғалім мектепке ертең барлығыңның келуің шарт емес, келгісі келген оқушылар ғана келсін десе, сен коррекция сабаққа келесің бе, әлде үйде қаласың ба?

4.Кейбір сабақтың болмай қалуы саған ұнайды ма?

5.Саған үй тапсырмасын бермегенін қалайсың ба?

6.Сен сабақта үзілістің көп және үзақ болғанын қалайсың ба?

7.Сен ата-анаңа мектеп жайында жиі айтасың ба?

8.Саған мұғалімнің қатал болғаны ұнайды ма?

9.Сенің сыныпта достарың көп пе?

10.Сыныптастарың саған ұнайды ма?


 Оқу мотивациясының динамикасын бағалау үшін сауалнамада сұрақтар қайталанып келеді. Оқу мотивация деңгейінің төмендеуі баланың мектеп дезадаптациясының көрсеткішін, ал оның жоғарылауы - оқудағы және дамудағы оң динамикасын білдіреді.


 Жүргізілген зерттеулер оқушының мектепке бейімделуінің үш деңгейін бөліп күрсетеді:
 Жоғары деңгей - оқушының мектепке қатынасы оң; берілген талаптарды адекватты қабылдайды; оқу материалдарын оңай меңгереді; мәліметтерді толық игерген; мұғалімнің айтқандарын мұқият тыңдайды; тапсырмаларды сыртқы бақылаусыз-ақ орындайды; үзіндік жұмысқа, барлық пәндерге қызығушылықпен қарайды; тапсырмаларды мұқият орындайды; сыныпта жоғары мәртебеге ие.

Ортаңғы деңгей - оқушының мектепке қатынасы оң; оқу материалдарын түсінеді; бағдарламаның негізгілерін меңгереді; тапсырмаларды өзбетінше орындайды, тапсырмаларды орындауда мұқият, бірақ бақылауды талап етеді; коррекция сабаққа қызығушылықпен дайындалады: сыныптағы көп оқушылармен достық қарым-қатынас жасайды.
 Төменгі деңгей - оқушының мектепке қатынасы теріс; денсаулығының нашарлығына реніш білдіреді; көңіл-күйінің нашарлығын көрсетеді; тәртіп бұзады; оқу материалдарын фрагментарлы меңгереді; өзіндік тапсырмаларға қызығушылық көрсетпейді; коррекция сабақтарға немқұрайлы дайындалады; бақылау мен көмекті үзілісті қажет етеді; пассивті; сыныпта жақын достары жоқ.

Бұл тест бойынша жүргізілген зерттеу нәтижесі балалардың оқу мотивациясы үш деңгейдеде көрініс бергенін анықтады. Қорытындылап айтқанда жоғары деңгейде - 10, орта деңгейде - 7, төмен деңгейде - 4 оқушының көрсеткіштері сай болды.
 Оқушыларының мектеп мотивациясын тексеруге арналған әдістеменің екінші тапсырмасы оқушыларға "Мектепте маған не ұнайды?" деген тақырыпта сурет салу тапсырылады.

Автордың пікірінше тақырыпқа байланысты суреттегі мынандай жағдайларға көңіл аудару керек:
 
 1. Мотивациясы дамымаған, мектеп мотивациясы жоқ, бірақ та оқушының ойын және басқа мотивтері басым. Мұндай жағдайда оқушылар машинаны, әскери әрекеттегі ойыншықтарды, оюларды және т.б. суреттерді бейнелейді;
 
 2. Балалық негативизм, оқушы мектеп тақырыбында сурет салудан бас тартып, өзі жақсы көріп салатын суретін бейнелейді, мұндай мінез-құлықты оқушының талаптану деңгейі жоғары және мектеп талаптарына қиындықпен бейімделуін көрсетеді;
 
 3. Тапсырманы түсінбеу немесе дұрыс қабылдамау, оқушылар ешнәрсе салмаса немесе басқа оқушының берілген тапсырмаға қатысты емес суретін көшіріп салса, онда бұл жағдай психикалық дамуы артта қалған балаларға қатысты. Мұндай жағдай 0 баллмен бағаланады.

Берілген тақырып бойынша салынған суреттердің сюжетін бағалау:
 
 - Оқушының таным мотиві мен оқу белсенділігі, оқу жағдайындағы мектеп мотивациясының жоғарылығын көрсетеді, 

оны 30 балмен бағалайды.
 - Сыртқы мектеп атрибуттары оқуға қатысты емес жағдайда мектепке қатынасы оң оқушыларға тән, бірақ сыртқы мотивациясы 20 балмен бағаланады.
 - Мектептегі ойын жағдайы мектепке қатынасы оң оқушыларға тән, бірақ игерген ойын мотивациясы 10 балмен бағаланады.



 
 

                              «Өзіңді білгің келсе» жобалық тест.


Мақсаты: ата-аналармен, мұғалімдермен  жобалық тест арқылы өздерінің мінез- құлықтары мен жекелік қасиеттерін жобалай алады. 

Нұсқау: А4 форматтағы ақ қағазға сурет салу ұсынылады. ZOOM платформасы арқылы жүргізілді.

Сурет салынып болған соң салынған суреттеріне қарай талданады. Талдау барысында салынған суреттерді   әр қатысушы өз суретіне талдау жасау ұсынылады.

Сурет салу: күн, тау, үй, ағаш, жол, жол, сақина.

Тау – дөңгелек салынса, мінезі жұмсақ, мейірімді, сенгіш. Егер тау ұшты болса, өкпелегіш, тік мінезді. Егер аралас салынса – басында қар болса, өзгермелі адам.

Үй – суретте ағаш үй салынса, арманы орындалады. Егер бір терезе салынған болса өзіне жақын бір адам туралы көп ойланады. Егер бірнеше терезе болса және жапқыштары болса, ол тұйық, сақ адам. Үйдің төбесінде мұржасы болса, түтін шығып жатса, әңгімеге жақын, өсекқұмар адам.

Ағаш – біреу болса өзінің жолдасына ұнайды. Егер бірнешеу болса, балаларды жақсы көреді, оларға уақыт бөліп, көңіл аударады. Қоршаған әлемді сүйеді, қанша мықты әдемі салынса, сұлулыққа соншалықты құмар.

Жол – үйге жақын жатса, жолы жеңіл, алыс болса керісінше. Егер жол үйдің есігінен шықса, тапқан табысын үйге әкелетін, ал керісінше болса айналасына тарататын адам.

Сақина – көзсіз болса қонақ қабылдағанды, қонақ шақырғанды ұнатады. Көзі болса болашақты ойлайды, капитал жинайды. Неке жүзігі мықты отбасын білдіреді.

 Жүргізілген жұмыстың нәтижесі бойынша қатысушылар өздерінің салған суреттерін жоғарғы қызығушылықпен талдап, өз ойларымен бөлісті. Болжамдық суреттік тест арқылы, қатысушылар салынған суреттерінің ұқсастығы өз мінез-құлықтарына ұқсастығы бар екенің атап өтті


Оқушының ойлау, сөйлеу барысындағы жылдамдықты анықтау бойынша психологтың жүргізілген жұмысының мәліметі

Бүгінгі күн талабы – оқушының  оқыл ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу.

Сондықтан да оқушының  танымын алғашқы күннен бастап дамтыудың, бойында оқыту мен сөйлеуді негізін қалыптастырудың құралы – ойын әрекеті, яғни, ойын – оқушының жетекші әрекеті. Бірақ, ойын тек қана балаларды қызықтырып,уақыт өткізудің құралы бломай, балаға берілетін білім мен тәрбиенің құнды негізі болуы керек. Яғни, оқыту-тәрбиелеу жұмысын бағдарлама талаптарына сәйкес ойын түрінде ұйымдастыра отырып, оқушының логикалық ойлау қабілеттін арттыруға жағдай жасау негізгі міндет. Оқушы ойын барысында айнала құбылыс сырын танып сезінеді, себеп-салдарлық байланысты және тәуелділікті анықтауға тырысады. Айналадағы өмір құбылыстарын, ерекшеліктерін байқай отырып, білуге қызығушылығы туындайды, осы сезім оны талпыныстарға жетелейді.  Ойын негізінде ойлай отырып,  тапсырмалары өзінше зерттеп, орындау, өзінше шешім жасау өз ойындағысын  сөйлеу арқылы айту жағдайларына мүмкіндік туғызылса ғана оқушы  еркін ойлы, өзіне сенімді, ерік-жігерлі, дүние танымы кеңейген, сөйлеу тілі жақсы қалыптасқан, болашаққа қызығушылығы оянған дара тұлға ретінде жан-жақты дами алады.

Оқушының ақыл-ойының дамуы тек белгілі бір білім көлемін ғана емес, жалпы тәлім-тәрбиелік іс-әрекеттерді игерумен бірге, ойлау, сөйлеу қиялдау, есте сақтау, елестету және т.б. қабілеттерінің; танымдық, іскерлік, шығармашылық қасиеттерінің дамуын қамтиды. «Ойы саяздың, тілі саяз» деген ұлғатты сөз бекер айтылмаған. Ойлау негізі баланың сөйлеу тілін қалыптастырады.

Белгілі психолог Л.С. Выготский: «Қандай да бір оқыту үшін тиімді, яғни өте бір қолайлы мерзімдер болады. Олардан жоғары, не төмен талапты ауытқу, яғни тым ерте, не болмаса тым кеш оқыту мерзімдері баланың ақыл-ойының даму барысында қолайсыз әсерін тигізеді» деген. Осы орайда,  «Балаларды мектепке дайындау – оларды оқытып, санатып, әйтеуір білім беріп шығару» - деп, білімдік, тәрбиелік үрдістердің дәстүрлі мектеп сабағы түрінде жүргізу ойдағыдай нәтиже бермейтіндігі сөзсіз. Бастауыш сынып оқушылшардың жасы мен мен психофизилогиялық ерекшеліктерін ескере отырып,  ойлау, сөйлеу  жұмыстарында түрлі әдіс-тәсілдердің тиімді жолдарын қолданып, ойын түрінде ұйыдастырдық. 

Бастауыш сынып оқушыларымен логикалық ойлау қабілеттерін ойлау барысында әр түрлі әдістемелер жасалды. Мысалы: «Құрастыру», «Бөлігін тап», «Көршісін тап», «Өрнекті шеш», «Ойлан тап» ойындарын жүргіздік. Сол ойындардың нәтижесі бойынша. Бастауыш сыныпт ар арасында әлі де ежелеп оқып отырған, сонымен логикалық ойлау қабілеті орта деңгейде дамып келе жатқан оқушылар кездесті. Бастауыш сыныптар арасында логикалық ойлау жылдам және жақсы дамып келе жатқан оқушаларда жетерлік. 

Оқушының логикасын қалыптастыру, оқу жылдамдығын жеделдету әр пән мұғалімі мен сынып жетекшісінің  ізденістері мен шеберлігін қажет етеді.

Бастауыш сынып алғашқы білім беру, тәрбиелеу жұмыстары барысында түрлі әдіс-тәсілдерді ойын түрінде үйлестіре қолдану, оқыту мен сөйлеу мазмұнын жаңарту арқылы баланың логикалық ойлау қабілеттін арттыру қажет.

- Танымдық, білімдік, іскерлік қасиеттері жан-жақты дамыған еркін ойлы, тілі жетік, ерікті-жігерлі, өзіне сенімді балдырғанды келесі білім сатысына  - мектепке дайындау;

- баланың логикалық ойлау қабілетін дамыту жұмысының қаншалықты маңызды екенін ата-аналарға түсіндіре, жеткізе отырып, оқыту-тәрбиелеу жұмыстарына ата-аналарды қатыстыру;

- Оқушылардың  бір орнында ұзақ уақыт отырып қалмауын, жалығып кетпеуін ескеріп сабақтарды ойын түрінде ұйымдастыру (қимылды- әуенді  ойын-жаттығулар, қимылды-қозғалыс барысындағы тапсырмалар, шағын топтар жұмысы, тапсырмаларды алма-кезек ауыстырып орындату, эстафеталық ойын барысындағы тапсырмалар және т.б.);

- логикалық ойлау қабілеттеріне арналған тапсырмаларды (жұмбақ суреттер, ситуациялық тапсырмалар, тест тапсырмалары, ертегі негізіндегі тапсырмалар және т.б.) түрлендіре қолдану;

- оқушылардың  өздерінің талаптануы, өзіндік қалауы еркіндігіне жағдай жасап өзіндік іс-әрекеттерді орындау, бастаған жұмысты аяқтау іскерліктеріне, өз ойларын еркін жеткізуге бейімдеу;

- көмекті қажет ететін оқушылармен жеке жұмыс түрлерін жүргізу;

- ата-аналарды  сабақтарға, күн тәртібі бойынша жүргізілетін тәрбиелк шараларға, тестік байқалуарға, ойын сауықтарға, т.с.с. басқа шараларға тек бақылаушы ретінде ғана емес, білімдік, танымдық жұмыстарда үлес қоса отырып, балаларына білікті көмек көрсете алатындай жағдайда қатыстыру;

Ойымызды қорытындылай келе, оқушының   логикалық ойлауын дамыу бағытындағы жұмысар жүйеленді және оны ұйымдастырудың тиімді  жолдары, әдіс-тәсілдері айқындалады, ол өз ретінде, оқушының логикалық ой-қабілеттерін қалыптастыру жұмысының жағдайын бір шама арттырды – деп ой түйіндейміз.

4- сынып оқушыларының  таным процестерін зерттеудің көптеген ерекшеліктері бар.  4 сынып оқушылары сауаты ашылған, олар көптеген жазба түрде берілген тапсырмаларды өз беттерімен орындап шығуға мүмкіндіктері бар. Осы ерекшеліктерін ескере отырып бастапқы оқыту кезеңіндегі балаларды зерттеу барысында арнайы жасалған тесттер қолдандық. Оқушының даму деңгейін жан-жақты диагностикалау барысында олардың таным процестері дамып, оқытуға қажетті логикалық дамыту жұмыстарын жасадық. Барлық диагностикалық тесттердің түзету дамыту әсері өте мол болғандықтан оларды орындатудың өзі дамытулық әсерін тигізеді.

    4-сыныптың ақыл-ой, интеллектуалдық даму жағынан деңгейлері жақсы. Сондықтан олардың таным процестерін зерттеуге модификация  немесе С.Д.Забрамная, Д.Б.Эльконин, А.Л.Венгер әдістемелері өте ыңғайлы болады. Сонымен қатар олармен танысу үшін әңгімелесуге арнайы жасалған әдістемелер бар. Олар: «Біліктілігін анықтауға арналған тесттер», «Оқушылардың ойлау қабілетінің  даму деңгейін   анықтау», «Қызыл-қара кесте», «Бурдон тесті.», «10 сөз», «10 сан», т.б. Бұл жерде осы әдістемелер көмегімен балалардың  оқытуға даярлық деңгейін анықтау жолдары көрсетілген.

«10 сөзді жаттау» әдістемесі.

Мақсаты: Баланың сөздерді ырықты есте сақтауын анықтау. 

Бұл әдістеме көмегімен баланың өз зейінін ұзақ уақыт бір әрекетпен шұғылдануға жинақтай алуы,оған қосымша стимулдық материалдар(ойын,көрнекіліктер) қолданбай танымдық қызметін ұйымдастыруға болатындығы анықталады.

Зерттеуді жүргізу үшін 10 сөз немесе сөз тіркестері дайындалады.Олар бірнеше вариантта болғаны дұрыс.Әр вариантты орындауға арнайы уақыт беріледі.Бірінші жаттығуды қолданып зерттеу жүргізуді психолог келесі кіріс сөзбен бастайды: «Балалар,мен қазір сендерге бірнеше сөздерді айтамын.Оларды мұқият тыңдап,есте сақтап қалуға тырысыңдар.Мен оқып болғаннан соң сендер олардың ішінен естеріңде қалғандарын қайталап айтасыңдар.»

Жаттығуды  екінші рет орындату үшін нұсқау қайталанады: «Мен жаңағы сөздерді қайталап оқимын.Сендер сол сөздерді тағыда қайталап айтасыңдар.Бірінші қайталаған сөздерің мен бірге қазір жаңадан еске сақтаған сөздерді қосып айтыңдар»

Үшінші және төртінші рет қайталап орындағанда ереже қысқаша түсіндіріледі: «Мен тағыда қайталаймын,ал сендер жақсылап тыңдаңдар» Бесінші рет қайталағанда : «Мен  бұл сөздерді соңғы рет оқимын,сендер олардың барлығын түгел қайталауға тырысыңдар» -деп ескерту қажет.Қалыпты жағдайда дамып келе жатқан балалардың есте сақтауы әрбір қайталаған сайын арта береді.Баланың денсаулығы болмай жүрсе немесе психологиялық проблемасы болса есте сақтауы керісінше,кеми береді.

Сөздер тізімін қайталап оқу барысында ешқандай қосымша түсініктеме берудің қажеті жоқ.тек қана сөздерді өте жай қайталағанда,балаларға: «тағыда қандай сөздер есіңе түсті» деген сұрақ арқылы кішкене дем беріп отыруға болады.

Орындау уақыты 7-8 минут.

Бағалау шкаласы:

  • Бір рет оқығанда  -5-6, бес рет қайталағанда -8-10 сөзді  қайталау -сөздерді еске сақтауы жоғары деп бағаланады.
  • Бірінші оқығанда -3-4, бесіншіден кейін-5-7-орта
  • Бірінші оқығанда -1-2, бесіншіден кейін-3-4-төмен
  • Бірінші оқығанда -0 бесіншіден кейін-1-2-өте төмен

Сөздер:уақыт,нан,аспан,өсімдік,қар, май,ағаш,көрпе ,киім,дала

осы сияқты  бірнеше варианттағы тапсырмалар жасап алу керек.


«10 сан» әдістемесі

Мақсаты:Баланың қарапайым математикалық білімін тексеру.

Әдістемені сандар ойыны ретінде ұйымдастыруға болады.

Тапсырмалар:

  1. Келесі сандар қалай аталады: бірнеше бірлік сандар айтылады:  (2,7,6)
  2. 5,7 сандарына көрші сандарды ата.Олар неге көрші сандар деп айтылады?
  3. 9 дан бір санға кіші санды ата,енді бір санға жоғары санды ата.
  4. 3 пен 5 сандарының арасында қандай сан тұрады?
  5. Бірден онға дейін санап берші
  6. Оннан бірге дейін қалай саналады.
  7. Қатар орналасқан үш санды ата.
  8. 7 санынан кейін орналасқан санды ата 
  9. Аталған саннан үлкен немесе кіші санды қалай шығаруға болады?
  10. Санамақ қандай саннан басталады? 


Бағалау шкаласы :

   -8-10 сұраққа жауап берсе -жоғары деп бағаланады.

   -3- 7   ұраққа жауап берсе -орта деп бағаланады. 

   -1 -4-сұраққа жауап берсе- төмен деп бағаланады.                 

«10 фигура» әдістемесі.

Мақсаты: Баланың геометриялық фигураларды білуін анықтау.

 Төменде берілген сұрақтарды қолдана отырып баламен әңгімелесу барысында, оның білімі   туралы мағлұмат жиналады.

Бұл әдістемені ойын ретінде балалар тобымен жүргізуге   де әбден болады, мысалы, психолог балаларды ертегі әлеміне қыдыруға шақырады. Бұл әлемдегі заттардың барлығы геометриялық фигуралардан тұрады екен .Осы фигураларды дұрыс атағандар басқа бөлмеге шығуына, үзіліс жасауына, келесі тапсырманы орындауына рұқсат алады (балаларды қызықтыратын нәрселерді қолдану қажет)


Әңгімелесуге келесі сұрақтарды қолдануға болады.

1. Қандай фигуралардың атын білесің?

2. Үстелдің беті қандай фигураға ұқсайды?

3. Терезе айналары фигураларын атап берші?

4. Ыдыстардың басым көбі қандай фигураға ұқсайды?

5. Дөңгелек пен шардың айырмашылығы неде?

6. Осы бөлмеде  пирамидаға ұқсас не бар?

7. Сынып бөлмесінде үшбұрышқа ұқсайтын зат барма?

8. Менің оң жағымда орналасқан нәрселерді аташы?Олар қандай фигураларға ұқсайды?

9. Қиыққа ұқсас нәрсені тапшы.

10.Фигураларға қарап оларды ата: үшбұрыш, қиық, шаршы, төртбұрыш, ромб, куб, дөңгелек, сопақ, пирамида, бесбұрыш.


Бағалау шкаласы:

  • 7-10 фигураны атаса – өте жақсы
  • 5-6 – жақсы 
  • 3-4 – орта
  • 1-2 – төмен


Есте сақтау процесін зерттеу әдістемелері

     Мақсаты: оқушылардың есте сақтау қабілетінің даму деңгейін анықтау және ес процестерін жетілдіруге ықпал жасау. Есте сақтау қабілетін зерттеуге қолданылатын әдістемелер өте көп. Мысалы ретінде сандар қатарын есте сақтау әдістемесін келтіреміз.

         Бірінші тапсырма.

Орындау ережесі: оқушыларға тесті орындау тәртібі түсіндіріледі: «Мен сандар қатарын асықпай оқып беремін. Оларды ретін бұзбай есте сақтау керек. Бұл сандар – бірінші қатар сандары болады. 2-3 секунд өткеннен соң мен екінші қатардағы сандарды оқимын. Олардың көптігі тура бірінші қатардағыдай. Жаңа оқылған қатардағы бірінші санды бұрын оқылып, есте сақталған қатардағы бірінші санға қосыңдар.

         Сол сияқты екінші қатардың екінші санын бірінші есте сақталған қатардағы екінші санға, ал үшіншіні үшінші санға, төртіншіні – төртінші санға қосыңыздар. Барлық амалдарды ойда орындап болғаннан соң нәтижелерін берілген параққа жазыңдар».

         Сандар бір секунд үзіліспен оқылады.


Сандар қатары:


1-ші вариант.

1 қатар:       3     1    5    2

2 қатар:       2     4    2    3

Нәтижесі:    5     5    7    5

2-ші вариант.

1 қатар:       2     3     9     8

2 қатар:       1     3     2     4

Нәтижесі:    3     6    11   12


         Санның ретін бұзу немесе басқа санды жазу қате деп есептелінеді.

         Екінші тапсырма.

         Ес көлемін өлшеу үшін 15 ондық сандар оқылады. Әр сан арасында бір секунд уақыт өткеннен соң келесі сан оқылады.

         Бірінші қатар:

         16, 72, 98, 53, 46, 29, 14, 93, 48, 32, 51,74, 26, 69,19.

         Екінші қатар: бұл тапсырма сол тәртіппен орындалады.

         23, 17, 43, 12, 29, 94, 67, 11, 48, 60, 37, 41, 74, 53, 96.

         Бағалау шкаласы: 

         Реті бұзылған, ұмытылған сандар қате болып есептелінеді. 

  • 7-10 ес көлемі жақсы
  • 4-6 ес көлемі орта
  • 2-3 ес көлемі төмен

         Бұл көрсеткіштерге баланың денсаулығы, эмоционалдық жағдайы, шаршауы әсерін тигізуі мүмкін. Сандармен амалдар жүргізетін жаттығулар ес операцияларын, ойлау процесін жетілдіруге үлкен әсері бар. Сондықтан, бірнеше вариантын жасап алып қайта-қайта өткізіп тұруға болады. 

 Қорыта келгенде 4 сыныптардың логикалық ойлауы ,қабылдаулары  жақсы дамып келеді . 4 сынып оқушыларының білімге деген қызығушылықтары өте жақсы ,берілген тапсырмаларды кедергісіз жақсы орындап шықты әсіресе 4 «а»,4 «ә», «б» өте жақсы деңгейде екенін көрсетті, 4 «в», «г» орташа деңгейді көрсетіп отыр.

 


Логикалық тапырмалар Н.И.Гуткина әдістемесі «Ия және жоқ»

Бұл әдістеме ережеге сәйкес әрекет ету қабілетін зерттеу үшін қолданылады.

Бұл әдістеме- балалар үшін танымал «Иә» және «жоқ» ойындарының модификациясы.  Ойын барысында жүргізуші қатысушыларға ең оңай болатын сұрақтарды қояды. «иә» немесе «жоқ» сөздерімен жауап беру керек. Тақырыпқа нұсқаулық: Енді біз «иә» сөзі мен «жоқ» сөзін айтуға болмайтын ойын ойнаймыз. Қай сөздерді айтуға болмайтындығын қайталаңыз. (Оқушылар бұл сөздерді қайталайды.) Енді, абай болыңыз, мен сіздерге «иә» және «жоқ» сөздерін айта алмайтын сұрақтар қоямын. Түсіндіңіз бе? Оқушылар ойын ережесін түсінетіндігін растағаннан кейін психолог оған «иә» және «жоқ» жауаптарын тудыратын сұрақтар қоя бастайды.


Н.И.Гуткина әдістемесін біз 2-4 сынып оқуышлармен ауызша жүрнгіздік. 2-4 сынып оқушылар деңгейінде 10. Сұрақтан құрылған сауалнама құрадық. 

1. Сен бүгін таңғы ас іштің бе?

2. Кеше үйде үй жұмысын жаздың ба?

3. Сабаққа сумканды алып келдің бе?

4. Сен бүгін партаға отырдың ба?

5. Сен бүгін доппен ойнадың ба?

6.  Сені бүгін мектепке ата-анаң алып келді ма?

7. Сенің ең жақын құрбын 10 сыныпта оқи ма?

8.  Сені бүгін мектепке ұшақпен алып келді ме?

9. Сенің аяқ киімнің түсі қара ме?

10. Сабақ бңткен соң үйге  қайтасың ба?

Осы аталған 10 сұрақтарды біз оқушыларға қою арқылы олардың зейінің тексердік.  Оқушылар өз жауаптарын ақ параққа жазып отырды. Оқушылардың жауап беру нәтижесінде төмендегідей қорытындылар анықталды.

2 -сыныптар бойынша 

 

3- сыныптар бойынша 

 


       4- сыныптар бойынша 


 


«Мектепке мотвациялық дайындық» А.Л.Венгер тесті бойынша оқушының ішкі жағдайын диагностикалау қорытындысы



 



 











 


8. Егер көрші бала сізден мектепте не ұнайтынын сұраса, сіз оған не айтар едіңіз?

Оқушыларды жауабы:

Сабақ оқу

Білім алу

Сабақ оқу

Сабақдер едім

Көркем еңбек

Апайлар сабақ тусіндіргені ұнайды.

Сабак

Асхана

Мектеп оқу үшін т.б.

Достарым

Барлығы ұнайды

Сыныптастарым

Ештеңе

Кластастарым

Сабақ оқыған

Маган сабак достарым унайды

Достарым, асхана

Мен мектептен білім аламын. Және білімімді болашақта қолданамын. Болашақ армандарыма жету үшін мектепке барамын.

Мен мектепте сабақ оқу ұнайды

Сабак оку

Маган сабак бергены унайды

Достарыммен ұстаздарымызбен әзілдескен қатты ұнайды

Ештене

Жаңа достар табу, общение


Үлгерімі төмен  оқушылардың ата-аналарынан алынған сауалнаманың қорытындысы

 



 


 






 






 


 


 

 

Жасалған жұмыстың қорытындысы: Сыныптағы ата-аналардың балаларына ұқыпты, қамқорлықпен, мейірімділікпен  қарайтындықтары байқалды. Жасаған жұмыстарына қарағанда балаларының киім үлгісіне көп көңіл бөлетіндігі көрінді.Жұмыстары тиянақты әрі ұқыптылықпен жасалған. 3-4 ата- ананың жасалынған жұмыстарынан бойында  шашыраңқылық байқалып, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлу керектігі айтылды. 

Әр ата-ана өз балалары туралы мәлімет берген кезде олардың балаларын жан-жақты жақсы танитындықтары көзге түсті.Ата-аналар бір бірімен пікір алмасу арқылы бала тәрбиесі туралы маңызды ақпараттармен бөлісті.  Жасалған  жұмыстардың нәтижесінде 2 ата-ана жеке кеңес алды.

«Құқық бұзушылықтың алдын алу»туралы  6,7,8,9,10,11- сыныптардан  Google диск арқылы оқушылардан сауалнама  алынды.  

Жоғары сынып оқушылары арасында суицидтің алдын алу бойынша 1 жарты жылдық  бойынша психологиялық жұмыстар жүргізілді. Мектеп оқушылары арасында келеңсіз жағдайларға түспеу үшін алдын алу мақсатында 2020-2021 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспары құрылды. Жоспарға сәйкес қыркүйек айында 5-11 сынып оқушылары келеңсіз жағдайларға бейім оқушыларды анықтау негізінде жасырын сауалнама алынды. Сауалнама нәтижесі бойынша өзіне-өзі қол жұмсауға бейім оқушылар анықталмады. Әр сынып оқушыларымен жиналыс өткізіліп,сынып жетекшілерімен жиналыс жасалды. Осы айда  сәтсіз жанұя отбасының тұрмыстық жағждайын анықтау барысында ата-аналармен кеңес жүргізілді.  «Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны туралы» оқушыларға арналған кеңестер берілді. 

Сондай-ақ, 5-11 сынып оқушылары арасында жоспарға сәйкес Google форма сауалнама алынды. Сауалнамада бос уақытында немен айналысатыны, интернет желісінде отырып, қандай сайттарға кіретіні, ол жерден қандай мәліметтер жинайтыны, ол сайттың пайдасы жөніндегі сұрақтар қойылған. 

 «Баланың мазасыздануын анықтау» тесті, «Өз отбасым» сауланамасы алынып, «Менің ішкі әлемім» тақырыбында ZOOM платформасы арқылы ой-толғауымен бөлісті. «Тәрбиелі адам қандай болуы тиіс?», «Қызықты өмір сүру үшін...» кеңестері берілді. Сонымен қатар қарым-қатынасты дамытуға арналған видеороликтер ұсынылды. Сыныппен бірге рухани-ізгілік сабақтар өтіліп, «Көңіліңе ұстап, тоқып ал» ZOOM платформасы арқылы қызқаша презентция ұйымдастырылды. Аталған оқушыны сырттай бақылау жұмыстары жалғастырылып жатыр. Жоспарға сәйкес жоғары сынып оқушылары арасында өзіне-өзі қол жұмсауға бейім оқушыларды анықтау мақсатында жүргізілген сауалнаманың қорытынды мониторингісі жасалынды. Мектебіміздің оқушылары мен ата-аналарының сұраулары бойынша әлеуметтік-педагогпен бірлесіп, көмек беру жұмыстары жүргізіліп, кеңес беру журналына тіркелуде. 


 Білім алушылардың қауіпсіздігін қорғау мақсатында істелінген жұмыстарының қорытындысы


   Білім алушылардың зорлық-зомбылықтың оның ішінде буллинг пен кибербуллингтің барлық түрлерінен қауіпсіздігін сақтау мақсатында іс жоспары құрылып, бекітілді.   Білім алушыларға "Антибуллинг және кибербуллинг дегеніміз не?" тақырыбында білім алушылар мен ата-аналарына видиороллик жіберілді.

    Кез-келген адамның кибербуллинке ұшырауы мүмкін екеніндігін білім алушыларға ұғындыру мақсатында ватсап желісі арқылы  жаднамалар таратылды. Онлайн қауіпсіздігін сақтау және көмек сұраудан қорықпауды оның әлсіздік емес екендігі туралы "Көмек сұрау - әлсіздік емес" тақырыбында онлайн дәріс өткізілді.

   Интернет сайттарда балалар арасындағы түрлі келеңсіздіктер орын алуда сол себепті "Күресу жолы қандай?" тақырыбында онлайн пікірталас өткізілді."Интернет шынымен де көмектесе ме, әлде өзімді интернет кесірінен жаман сезінемін ба атты    жаднамалар таратылды.

"Интернет сайттары және интернет желілерінен  келетін қауіптен қалай сақтанамыз?" тақырыбында   жаднамалар таратылады.

  Телефон арқылы немесе интернетте адамды әдейі ренжіту, қорлау, оған жабысу оңай болып көрінеді.  Ренішті хабарлама жіберу сондай оңай ғой! Бұны істеген адам басқаның жанын ауыртқанын сезбейді де.  Егер интернет технологияларды біреуді әдейі ренжіту, қорлау немесе ызасын келтіру үшін пайдаланса, онда бұл – кибербуллинг.  Тіпті туралы ренішті постқа лайк бассаң да, немесе ренішті постты жіберсең, бұл да – кибербуллинг.

 Буллинге ұшыраған адам басқалардың оған қарсы біріккенін сезінеді.        

  Буллинг шындап адамға зиянын тигізеді, оның үмітсіздік пен шарасыздық күйге түсуіне себеп болады. Кей- кездері  буллингтің кесірінен адамдар өзін-өзі өлтіру жайында ойлап, өзіне қол жұмсауы мүмкін. Сондықтан буллинг қашанда жақсы емес, бірақ әр уақытта көмек сұрауға болатынын білім алушылар мен ата-аналарға бірнеше тақырыптарды ватсап желісінде онлайн жіберу арқылы түсінік жұмыстары жүргізілді.

«Балаларды бірігіп қорғайық!» негізінде жыныстық қол сұғушылыққа қарсы құқық бұзушылықтардың алдын алу, 7-11 сынып оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша  «Нәзік»   қыздар клубының қыздарына онлайн кеңестер берліді.

Мақсаты: аталмыш жастағы балалар топтарына қауіпсіз мінез-құлық, 16-ға толмаған тұлғалармен ерікті жыныстық қатынастар, қылмыстық жауапкершілік нормаларын түсіндіру шаралары туралы ақпараттандыру.

«Қазақ отбасындағы қыз бала тәрбиесі»  «Нәзік» клубының жетекшісі Кенжешова Бота слайд-презинтациясын таныстырып өтті. 9-11 сынып оқушыларына «Бүгінгі бойжеткен, ертеңгі асыл жар» тақырыбында баяндама оқылса, «Нәзік» қыздар клубының мүшелері «Шаш күтімі. Шаш өсіру қазақ қызына тән» тақырыбында шаш үлгілері көрсетілді.

Мектеп психологтарының ұйымдастыруымен «Баланы отбасында тәрбиелеуде кездесетін қиыншылықтарды жеңу» атты 8-11 сынып оқушыларына видеоролик ұсынды. Ата-аналар жиналысында ДТІЖО Дауымбақова Г.Р «Жеке тұлғаның дамуындағы ата-ананың ролі» атты баяндама жұмыстары жүргізілді.

Аудандық  емхананың дәрігері Сания Толешовнаның қатысуымен «Жыныстық жолмен берілетін инфекцияның алдын алу» тақырыбында аурулардың алдын алу және денсаулықты сақтау мақсатында  ZOOM платформасы арқылы кеңестер берді.


      11-сынып оқушыларының ҰБТ –дайындығын психологиялық тұрғыда дайындығын анықтау барысында жасалған жұмыстарының мәліметі.

Қыркүйек айында  11-сынып оқушыларынан «Сенің арманың» сауалнамасын алдық. Сауалнамаға 41 оқушы қатысты. 11- сынып оқушыларлары сауалнамаға ашық, толық жауап берді. 34 оқушы ең басты арманы да, мақсаты да ҰБТ-ді ойдағыдай тапсырып, жоғарғы оқу орнына түсу болса,  қалған 7 оқушы ата-анасының үмітін ақтап, ата-аналарына өмір бойы жағдайын жасап қамқор болуды алдына мақсат қойып, армандайды екен. Оқушыларға ата-анаңның сенімін қалай ақтайсын?-деген сұраққа 24 оқушы жоғарғы оқу орнына түсіп, жақсы маман иесі атанып, сенімін ақтайтының қөретсе, 8 оқушы еңбек пен қамқор арқылы, 5 оқушы білмеймін, қалған 4 оқушы уақытында көреміз деп қысқа жауаппен шектелді. Оқушыларға  болашақта кім болғың келеді?-деген сұраққа әр оқушы өзінің арманындағы мамандықты атап көрсетті. Мысалы: 3 оқушы мұғалім, 2 оқушы прокурор, 1 оқушы академик, 1 оқушы ғалым, 2 оқушы аудармашы, 1 оқушы медбике, 1 оқушы биолог, 6 оқушы актер, 1 оқушы архитектор, 1 оқушы бухгалтер, 2 оқушы журналист, 2 оқушы дизайн-тігінші, 1 оқушы политолог, 1 оқушы ректор, 4 оқушы әнші т.б  Болашақта өздерін кім болатының көрсете алмаған 6 оқушы анықталса, 3 оқушы таңдамаған, 3 оқушы уақыт көрсететінің атап кетті.

Қазан айында  11-сынып оқушыларына    ҰБТ –ге психологиялық дайындығын анықтау мақсатында кеңестер берілді.

11-сынып оқушылары армандарымен 80% ата-аналарымен бөліссе, қалған 5% жеңелірмен, 8%  әпкелерімен, 4%  ағаларымен, 3%  ешкіммен бөліспейтінің көрсетті.

Қараша айында 11-   сынып  ата- аналарымен  «Балаңыз   ҰБТ-ге  дайын ба?» т.б.  сауалнамалар    алынды.  Сауалнама  нәтижесі   бойынша  ата- аналардың  көпшілігі   сұраққа  шынайы  жауап   бермеген,  олардың баланың  алдында    өз  жауапкершіліктерін  онша   сезінбейтіні  байқалды. Сауалнамаға  қатысқан  ата- аналардың  94% балаға   немқұрайлық  танытпай, оның  қабылдаған   шешіміне, жетістіктеріне, таңдаған   мамандығына  үнемі  көңіл   бөлетіні  анықталса, ал 6 % көңіл бөлмейтіндігі анықталды

Желтоқсан айында 11-сынып оқушыларының алдына койған мақсаты мен ынтасын анықтау  мақсатында «Табандылықты зерттеу» сауалнамасын алдық. Сауалнама -18 сұрақтан құрылған. Сауалнаманың қорытындысына келетін болсақ табандылық деңгейі: Ең жоғары мүмкін болатын ұпай саны-18. Ұпайды көп жинаған сайын кездескен кедергілерге қарамастан, алған қойылған армандарына, мұрат-мақсаттарына жетуге деген талпынысының тұрақты, табанды екенің көрінеді.Жалпы адамдық және ұлттық құндылықтар, өндірістік, экономикалық және қоғамдық қатынастарды қайта құру қабілеті бар, басқаруға бейім, еңбек нәтижесінде, өндіріс әрекетіне өзі еңбек ететін жерге , фирмаға, мекемеге, қоршаған ортаны  қорғауға елдің  және әлемнің  тағдыры үшін азаматтық жауапкершілік түсінігін меңгерген әлеметтік-белсенді азаматтарды, қоғамның шығармашыл мүшесін тәрбиелеу сияқты маңызды сұрақтар қарастырылды.

Қаңтар айында ҰБТ-ға дайындығын психологиялық тұрғыда анықтау сауалнамасын жүргіздік. Сауаланама 10 сұрақтан құралған. 

Оқушылардың басым бөлігі өз ісінің біліктілігі, өз ісіне бекем болу, қарапайым болу, адамдармен қарым-қатынасы қарапайым болуы, өз күшіне деген сенімділік,киындықтарды жеңе білу-деп көретіп өтті.

 Өзіңнің болашақ мамандығыңа қоятын талаптарыңды сызып көрсет:

Оқушылардың басым бөлігі нақты нәтижелер, қабілетті дамыту мүмкіндігі, өзінің сүйікті ісімен айналысу мүмкіндігі-деп көрсетсе, кейбір оқушылар бос уақыт, жұмыс уақытын өзінің реттеу мүмкіндігі- деп көрсетті. 

  Ақпан  айында 11-сынып оқушыларымен «Оқушылардың біліктілік деңгейін анықтауға араналған   » субтест жүргіздік. Бұл субтест жалпы бастауыш сынып оқушыларының деңгейіне қарай құрастырылған, бірақ өкінішке орай 11-сыныптың басым бөлігіне бұл тесті шешу қиынға соқты. Өйткені бұл субтест логикалық ойлануды көп қажет етеді. Мысалы: дұрыс жауабы: 

1.Қияр, қызанақ- көкөніс 

2. Шкаф диван-жиһаз

3Піл, құмырсқа-жануар-осы жерде дұрыс емес көрсетілген қатарды көрсету керек. Бірақ кейбір оқушылар мүлдем белгілемеген, бірнешеуі қате белгілеген, ал басым бөлігі көмек сұрау арқылы жауап берді. Осы жұмысты қорыта келе оқушылармен жоспар мен жоспардан тыс логикалық жұмыстар көп жүргізу керектігі анықталды.

  

    Ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушылармен -

даму ерекшеліктеріне, мінез-құлық және   эмоциялық    проблемаларына орталық факторларына  байланысты тиісті деңгейде психологиялық қолдау көрсету барысында 3 Г Алтынбек Қайрат пен 3 Ә сынып оқушылары Құрбанбаева Гүлжайнамен аптсасына 2 рет кесте бойынша жұмысы жүргізілуде. Жұмыс жұргізу барысында Қайратта зейіні мен ой шоғырлануы тежелу үстінде. Сөздік қоры жасына сай емес. Гүлжайна ойлау қабілеті төмен екені байқалды. Осы аталған проблемалармен жоспар құру арқылы жұмысымды жүргізіп келемін. 

 

 Мектебіміздің мүмкіншілігі шектеулі, үйден оқытатын оқушылармен жыл бойына жоспар құрылып, коррекциялық сабақ жүргізілді. Жұмыс істеу барысында оқушылар  логикалық ой қажет ететін тапсырмаларды қиындықпен орындайды. Танымдық аймағы қалыптасуда, алайда дамуы тежелуде. Ойлауы өз жасынан кем дамыған, зейіні әлсіз. Есте сақтауы да төмен. Жалпы психикалық қасиеттерінің дамуы жетілмегенмен, кідірі көп.

Есте сақтауы өте қиын, тез ұмытады, зейіні шоғырланбаған, ойлау қаблетті төмен,ыстық,суық,аласа,биік деген түсініктері дамыған. Жаман жақсыны ажырата алады.



 

Оқуға қызығушылығын анықтауға арналған сауалнама .

Мақсаты-оқушылардың оқу әрекетінде не қызықтыратындығын анықтау. 

       Оқуға деген өзіңнің қызығушылықтарын сұрақ қою арқылы атап өтті.

Мектепте оқу себебім?

1.Қызықты болғандықтан.

2.Ақылды және патасатты болғым келеді.

3.Бестік баға ғана алғым келеді.

4.Ата-анам оқу деп айтады

5.Қазір барлығы оқиды, сол себепті мен де оқимын.

6.Мұғалім ұнайды.

7.Оқу,оқуға түсу-мәртебе.

8.Сауатты болғым келеді.

9.Өз Отаныма пайдалы азамат болғым келеді..

10.Өз бетімше жұмыс істеуге үйренгім келді

            Шамалары келгенше оқушылар жұмыс істеді.               

           Сауалнама  қорытындысы бойынша оқушылардың оқу әрекетіне қызығушылығы негізінен-баға қызықтырады және ата-ананың беделі ,ақылды болу және т.б.Жалпы оқу     ұнайды, мұғалімді де ұнататын оқушылар бар.Өзінің қызығушылығын ашып айта алмаған оқушылар да болды.

                Олар анық жауап бере алмады. Дұрыс жауап беруге қиналған  оқушылар да шықты.Бұл оқушылардың оқу әрекетінде әр түрлі қиындықтары бар: белсенді емес,ашық сөйлесуге де қорқақтайды,жалтақтық байқалады,бірі мұғалімге үйренбесе,екіншісі сыныптастарымен қарым-қатынас жасай алмайды.

                  Оқушылардың белсенділігін арттыратын,ынталануына әсері бар тренинг ұйымдастыру: «Өз жұбыңды тап», «Адамгершілік қасиеттеріңді ата»т.б.

                     Негізгі қиындық : Жақсы оқи алмасам әке-шешенің ұрсуы,сыныптастарының мазақ етуі,мұғалімнің төмен баға қою мүмкін екендігі үрей туғызады.Мектеп алды даярылқ тобына келген оқушылардың   көбі мектеп,оқу туралы білетіні аз болса да, тез,жеңіл бейімделіп, оңай оқуға кірісіп кеткен оқушылар да бар.

           Анықталған оқушылармен жекелей де ,топтық та жұмыстар жүргізілді.Ата-аналарымен әңгімелесіп, баланы үйде көбірек қадағалап,дұрыс бағытты қалай беріп, мектепте оқуға  бейімдеуге болатынын түсіндірдік.

            Оқушыларды аулаға серуенге алып шығып,қимылды ойындар ұйымдастырдық.Қимылды ойындарды ойнау кезінде оқушылар ашыла түседі,белсенділігі артады,көңіл күйлері көтеріледі. Ойынның барысында әсіресе анықталған оқушыларды басты рөлдерде ойнауға немесе басқаруға көбірек тартқызылды.

          Мектеп ауласына оқушыларды алып шығып қимылды ойындар ойнату арқылы-анықталған оқушыларға басты рөлдерді ойнатып,ойынды соларға жүргіздіру көзделді.

 Психологтың   мектепішілік «Ерекше назардағы»  оқушымен  жүргізген жұмысының қорытынды мәліметі. 

2021-2022 оқу жылында АІІ басқарамасында есепке алынған оқушы саны 3. Мектепішілік  «Ерекше назардағы»  оқушы   тізімінде  7 оқушы бар.  Бұл оқушылардың   2   оқушы орыс сыныбында, қалған  5 оқушы қазақ сыныптарында оқиды.Балалардың    мектепішілік «Ерекше назар» есебіне   алыну себептері:

Мектепішілік тәртіпті жиі бұзады, кикілжіңге жиі барады, сабақтан себепсіз көп қалады, өз бетімен жүретін, төбелеске жақын, тәрбиеде қиындық  туғызып отырған оқушылар.

Бұл оқушылармен тізімге алынған күннен бастап, мектеп психологы ретінде арнайы жоспар   бойынша психологиялық жұмыстар жүргізілді.  Сынып жетекшімен бірігіп  баланың отбасына  барып, отбасының әлеуметтік  жағдайымен танысып  және тексеріп АКТ жасалынды. Оқушыларды қалыпты өмірге бейімдеу мақсатында, мектеп әкімшілігі  тарапынан қадағалауға алынды. Оқушылардың күнделікті сабаққа келуі, тәртібі, көңіл-күйі, күн тәртібі жоспарланып, түрілі  іс-шараға қатысуы қадағаланды.

Оқушылыр ерекше назарға алынғаннан кейін , оқушының психо-эмоциялық көңіл-күйін анықтау,   диогностикалық жұмыс жүргізу   арқылы оқушы бойындағы депрессия мен үрейдің деңгейін анықтау,агрессиялық мінез-құлық,күйзелістің алдын –алу мақсатында Г.Айзенктің «Тұлғаның психикалық көңіл-күйін анықтау» сауалнамасы алынып, сараптама жасалды. Зерттеу нәтижесінде бойынша үрей деңгейі жоғары, депрессияда жүрген оқушы жоқ. Ашу-ыза деңгейі ортадан жоғары оқушылар болды. Оның себебі: Оқушылардың жастықшақ кезеңімен байланысты және отбасындағы әлеуметтік-психологиялық жағдайға байланысты. 

Оқушылармен өмірге бейімдеу, рухани құндылықтарды бойларына сіңіре отырып, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу мақсатында, өмірге оң көзқараспен қарай білуге үйрету мақсатында, «Өзіңді-өзің танысаң істің басы», «Өмір сүре білу әр адам үшін сынақ» атты психологиялық сабақ жүргізілді. Оқушы бойындағы қорқыныш, үрейді түсіру мақсатында,  «Қорқыныштың суретін сал және оны күлкіліге айналдыр», «Қар қиыршығы», «Алфавит»   атты тренинг-жаттығулар жүргізілді.   Оқушыларды психологиялық қолдау мақсатында «Өзіңді-өзің  бейімдеудің алты мүмкіндігі» , «Өзіңді-өзің қорғаудың 8 тәсілі» атты жадынамалар таратылды.




«Ерекше назардағы» оқушылармен, оқушы бойындағы ерік-жігерін білу, психологиялық қабілетін білу мақсатында, «Темперамент» тест жүргізілді және оқушының отбасындағы әлеуметтік-психологиялық жағдайын анықтау мақсатында, «Менің жанұям» тест жүргізілді. Тест нәтижесімен ата-аналарға таныстырылып, ескертулер жасалды




   Оқу жылының барысында  ағылшын пәнімен кіріктірілген сабақ өткізілді. Пән мұғалімі Жамалова Рима. Сабақ тақырыбы «Интелект» Психологиялық тұрғыдан оқушылардың қай интелект түріне жататын анықтап беру. Анықтау жұмысын падлет платформасы арқылы жүзеге асырдым.


 


Мектепте жоспар бойынша жыл соңында сынып жетекшілерге қолдау көрсету мақсатында, семинар тренинг жүргізілді.


 



 


Мектебіміздің жас маман пеадгог-психологы Ерназарова Айдана Сәдембекқызы ата-аналармен ата-аналарға психологиялық қолдау көрсету мақсатында семинар –тренинг жүргізді. 

 



«Мен өмірді сүйемін»  апталығында оқушылармен өмір баланың көзімен атты арт-терпиясы жүргізілді.

 

 



 


 















Педагог-психолог                           Джужизиева А.М.

                                                         Ерназарова А.С.






                                                                         Мәліметтерге  SWOT  талдау

                                            Күшті жақтар

1.2021-2022  оқу жылында  мектеп психологтарының 1-11-сынып оқушыларына  арналған оқу әдістемелік құралындағы жұмыс кітабындағы әдіс-тәсілдердің өз нәтижесін беруі;

2.9-сынып оқушыларының кәсіби ой- ниеті мен ата- аналарыныңда көзқарасы сәйкес келетіні.

3.Жыл бойы жүргізілген 1-11-сынып оқушыларынан алынған сауалнама, тест  нәтижесі бойынша 78 %  көрсетуі


4.11-сынып түлектерін қорытынды аттестаттау 

және ҰБТ дайындауда     оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттырып,жүйелі жүргізілуі

                                            Әлсіз жақтар

1.Қашықтықтан оқудың әсері оң нәтиже бере алмады. Оқушылар , 

ата-аналар және мұғалімдерге психологиялық қолдау көрсету 

бағытының жұмысын жандандыру.

2.Бастауыш сынып жетекшілері оқушылармен алдағы уақытта 

сабақ үстінде практикалық машықты игеруге әсіресе сурет 

сабақтарында бояу техникасын дұрыс меңгерту,өз қатесін тауып,

түзетуге талаптандыру , тыңдалыммен жұмыс, үзілісті оқушыға дұрыс 

пайдалануды түсіндіру.

3.Үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты жандандыру


                                       Мүмкіндіктер

1.Ерекше назарды қажет ететін  оқушылардың     тұрақты,  жағымды қасиеттер,  дұрыс мінезін қалыптастыру.Баланың өз қолынан келетін іске толық ерік беру,ата-аналары мен пән мұғалімдері көмек көрсетіп жіберу. 

2.Былтырғы оқу жылымен салыстырғанда оқушылардың  өз жауапкершілігі мен  құқықтық білімдерін кеңінен тереңдету.

3.Педагог-психологтардың білімін шыңдау мақсатында  авторлық бағдарламалар, әдістемелік мақалалар жазу жұмысын жандандыру 


                                      Қауіпті

1.5-11-сынып  оқушыларының  ғаламторға     кіру кезінде 

жағымсыз, денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін     сайттарға  

әуестенудің алдын алу бойынша зерттеу жұмыстарының аздығы

2.Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысын жандандыру.

3.Қауіпті мінез-құлықтың және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жаңаша әдіс-тәсілдерді жылдық жоспарға енгізіп,тиімді жүргізу

4. Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстарын жандандыру


















Науызбай батыр Құтпанбетқұлы атындағы орта мектебі КММ










Педагог- психологтың жылдық аналитикалық есебі








2021-2022оқу жылы 













Мекен жайымыз
Жамбыл ауданы, көшесі, үй

©2016-2022, Ресми сайт Алматы облысы білім басқармасының Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің "Наурызбай батыр Құтпанбетұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru